Бүгін Астанада ядролық технологиялар мен атом энергетикасына арналған KazAtomExpo халықаралық көрмесі ашылды.
Іс шара аясында қатысушыларға Қазақстанның атом энергетикасы мен ғылым саласындағы жетістіктері, сондай-ақ еліміздің осы саладағы мүмкіндіктері таныстырылды. Көрме сондай-ақ атом саласына мамандар дайындайтын Қазақстанның жетекші университеттерінің ғылыми және кадрлық әлеуетін көрсетті. «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин:
«ҚазАтомЭкспо – жай ғана көрме емес, бұл еліміздің дамуындағы маңызды қадам. Біз Қазақстанның бейбіт атомдарды одан әрі дамыту үшін пайдалана отырып, атом энергетикасында жетекші орынға шығуға дайын екенін бүкіл әлемге көрсетеміз. Бұл іс шара ынтымақтастық пен біздің салаға инвестиция салудың жаңа перспективаларын ашады». Көрмеде Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша әлеуетті шетелдік экспоненттер ретінде – «Қытай ұлттық ядролық корпорациясы» (CNNC), «Кореяның су ресурстары және ядролық энергетика корпорациясы» (KHNP), «Électricité de France» (EDF), сондай-ақ ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясы қатысты..
Бұл компаниялар өздерінің ядролық технологияларын, жетістіктерін, ағымдағы жобалары мен жоспарларын жұртшылыққа таныстырды. Сонымен қатар, ядролық салада жұмыс істейтін «Samsung» және «Assystem» халықаралық компанияларының стендтерін атап өткен жөн. «Біз көрмеге қатысқанымызға қуаныштымыз. Бұл қазақстандық серіктестерге соңғы жетістіктерімізбен таныстырып, болашақ бірлескен жобаларды талқылаудың бірегей мүмкіндігі. Қазақстанның атом энергетикасы саласында орасан зор әлеуеті бар және біз оның дамуына үлес қосуға дайынбыз», - деп Таяу және Орталық Азия және Таяу Шығыс өңірлері үшін жаңа энергетикалық құрылыс саласындағы халықаралық жобалар жөніндегі вице-президенті Гийом Пураве көрме туралы өз ойымен бөлісті.
Көрме қатысушылары ядролық технология саласындағы соңғы әзірлемелерді, соның ішінде жаңа буын реакторлық қондырғыларды, қауіпсіздік және бақылау жүйелерін, сондай-ақ радиоактивті қалдықтарды басқару технологияларын ұсынды. Атом саласы үшін жоғары білікті мамандарды даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстанның атом энергетикасын дамыту перспективаларын, оның ішінде жаңа атом электр станциясын салу және экономиканың әртүрлі салаларында атом энергиясын пайдалануды кеңейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ атом энергетикасының қауіпсіздігі мен сенімділігі мәселелері және осы саладағы халықаралық ынтымақтастық бағыттары талқыланды. KazAtomExpo жаһандық атом өнеркәсібіндегі жарқын оқиғаға айналды және Қазақстанның осы саладағы сенімді және перспективалы серіктес мәртебесін растады.