Қазақстандық ғалым АЭС салу электр энергиясының тапшылығын жоятынын айтты

(0 Votes)

Елімізде АЭС салу және Атом энергетикасының қоршаған ортаға тигізетін әсері төңірегіндегі мәселе соңғы уақытта қоғамдық талқыға түсіп келеді. Себеп: электр энергиясының тапшылығы, деп хабарлайды AtyrauPress.

 Ғылыми қызметкер Данияр Беріковтың айтуынша, жаңа атом электр станцияларының құрылысы тұрақты және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ импорттық энергия ресурстарына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. «Атом энергиясы көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға және қоршаған ортаның ластануын азайтуға көмектеседі. Жаңа атом электр станцияларының құрылысына қолдау көрсете отырып, біз еліміздің болашағына және оның экономикалық дамуын қамтамасыз етуге маңызды үлес қосамыз деп сенемін» дейді спикер.

Халықты толғандырып жүрген сұрақтардың бірі – қауіпсіздік мәселесіне тоқталатын болсақ, бүгінгі күні әлемде 430-ға жуық АЭС жұмыс істеп тұр. Әрі АЭС-тердің жаңа буыны шығып жатыр. Сол себепті еліміз тек қана жаңа буынды 3+ реакторларын қарастырады. Осы орайда әр балама энергия көзінің пайдалы және зиянды жақтары бар екенін ескере отырып, зияны азын қарастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, АЭС жобалаумен мамандар 5 жылдан бері айналысуда.

Аружан Ажимкулова

Фото pixabay.com

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT