Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы – еліміздің болашағын айқындайтын тағдырлы стратегиялық құжат. Бұл үндеу – уақыт талабына сай жаңғыруға, ғылым мен технологияға негізделген жаңа Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған нақты бағдар.
Президент атап өткендей, жасанды интеллектті дамыту – тек цифрлық жаңғыру емес, бүкіл экономиканы, білім мен денсаулық сақтау жүйесін, мемлекеттік басқаруды жаңа деңгейге көтерудің бастауы. Бұл бастамалар еліміздің халықаралық беделін арттырып, жаһандық бәсекеге қабілеттілігін нығайтады.
Жолдауда айтылған әрбір тапсырма – қоғамның барлық саласына тың серпін береді. Әсіресе, адам капиталына, яғни білім мен кәсіби шеберлікке ерекше назар аударылуы – елдің жарқын келешегінің кепілі. Өйткені, жаңарған Қазақстанның өзегі – білімді, жауапты және шығармашыл азаматтар.
Президент Жолдауы – елді өркендеудің жаңа сатысына бастайтын нақты жол, ұлттың инновациялық болашағын айқындайтын айқын бағыт. Оны жүзеге асыру – баршамыздың азаматтық борышымыз.
М.Әнесұлы,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы



