Қауіпсіздік бойынша жаңа форматтағы әріптестік

(0 Votes)

2025 жыл ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен «Профилактика жылы» деп жарияланды. Осыған орай, 17 шілде күні Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына қарсы күрес және алдын алу жөніндегі облыстық орталықтың ғимаратында профилактикалық жиын өтті.

Жиынға медициналық мекемелердің техникалық қауіпсіздікке жауапты мамандары, сондай-ақ облыстық полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және Күзет қызметін бақылау басқармасының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында денсаулық сақтау нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, пациенттер мен персоналдардың мінез-құлық ережелері, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл тәртібі түсіндірілді. Мамандар террористік қауіп-қатерлердің алдын алу және интернет-алаяқтықтан сақтану мәселелерін талқылып, қатысушыларға бейнероликтер көрсетіліп, оқу-жаттығулардың нәтижелері талқыланды.

Денсаулық сақтау нысандарының басшыларына полиция департаменті мен жеке күзет ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды реттейтін меморандумдар жасалғаны және төтенше жағдайларда полиция тарапынан күзет қызметкерлеріне нақты бағыт-бағдар берілетіні жөнінде ақпарат берілді.

Жиын соңында қауіпсіздікті арттыру мақсатында заманауи бейнебақылау жүйелерін орнату мен қарулы күзетті енгізу қажеттілігі атап өтілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT