Кәсіби білімге деген талап та, сұраныс та жоғары

Кәсіби білімге деген талап та, сұраныс та жоғары
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялап, «Біз еңбек адамының абырой-беделін көтеріп, еңбекқорлық, кәсібилік сияқты құндылықтарды дәріптеу үшін әлі талай шаруа атқаруымыз керек. Экономиканың көптеген саласында жұмыс қолы жетіспейді. Жұмысшы мамандықтар мол әрі тез табыс табу тұрғысынан қызықтыра қоймауы мүмкін. Бірақ бұл мамандықтардың еңбек нарығында сұранысқа ие болатынына да, қоғамдағы мәртебесі жоғары болатынына да кепілдік бар. Мен кәсіпорындарды аралаған кезде жастарды жиі жолықтырамын. Олардың арасында жұмысшы әулеттерінің өкілдері көп екені көңіл қуантады. Мемлекеттің міндеті – жас мамандарға материалдық және моральдық жағынан көмектесу. Мен бұл шаруамен үнемі айналысамын» деді. 

Бүгінде кәсіпкерлік білімге деген талап та, сұраныс та жоғары. Елімізде жұмшы мамандықтарды даярлайтын оқу орындары аз емес. Кәсіптік білім берудегі жаңашылдықпен жұмыс істеуге бетбұрыс жасаған еліміздегі 100 білім ордасының бірі ауданымыздағы Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжі.

Колледж директоры Гүлфара Абенованың айтуынша, оқу орны қазіргі заманның еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, жауапты, өз мамандығын және соған жақын салаларды меңгерген, кәсіби өсуге дайын білікті маман даярлауды мақсат етіп қойып отыр.

Білім ордасында бас оқу ғимараты, 100 орындық жатақхана, 1 шеберхана, 6 зерт хана, 1 автодром, 200 орындық асхана, 1 спорт залы бар. Оқу ғимараты 2017 жылы күрделі жөндеуден өткен. Студенттер мемлекеттік тапсырыс бойынша (тегін оқуға) 9 сыныптық біліммен «Ауыл шаруашылығын механикалан дыру», «Дәнекерлеу ісі», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)», «Есеп теу техникасы және ақпараттық желілер» мамандықтары бойынша 2 жыл 10 ай мерзімде оқиды.

Сонымен қатар, 11 сыныптық біліммен «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» (Құрылыс-әрлеу жұмыстарының шебері), «Есеп теу техникасы және ақпараттық желілер» мамандықтары бойынша 10 айлық мерзімде білім алады. Бұдан бөлек 11 сыныптық біліммен «Электр және газбен дәнекерлеуші», «Аспаз», «Оператор ЭЕТ», «ВС1», «В», «Д», «Е» категориялы жүргізушілер, «Тракторшы-машинист», «Әрлеу жұмыстарының шебері», «Д» санатты экскаватор-машинист мамандықтары бойынша 1-3 айлық мерзімде ақылы түрде білім ала алады. Бұған қоса жұмысшы мамандарды даярлайтын оқу орнында студенттерге арналған 4 қабатты 100 орындық жатақханасы бар.

– Президент 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады ғой. Бұл – кәсіптік және техникалық білім беру саласына көрсетілген үлкен қолдау деп білемін. Әрі колледж педагог тарына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Жаңа серпілістер, жаңашыл бастама лар мен идеялар, жоғары көрсеткіштер арқылы барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жұмысшы мамандар даярлауда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттерді дәріптеп, жоғары бағалауымыз қажет. Өткен жылы облыс әкімі Серік Жамбылұлы ауданға іссапары барысында колледждің материалдық-техникалық базасымен таны сып, кәсіптік білім беру ұйымдарына қолдау болатынын айтты. Сондықтан заманға сай материалдық-техникалық базаны жаңғыртып, жаңа мамандықтарды ашу үшін жұмыстанамыз, - дейді Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжінің директоры Гүлфара Абенова.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ,

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT