Камералардың көмегімен 277 қылмыс ашылды

(0 Votes)

2020 жыл ішінде Атырау қаласында «102» арнасына 66324 телефон қоңырауы қабылданып, оның ішінде, 15693 хабарлама қылмыстар мен оқиғалар туралы келіп түскен.

Қылмыстарды ізін суытпай ашу мақсатында, оқиға орнына жедел тергеу тобының уақытылы келуі үнемі бақыланады.

Сонымен қатар, тәулік бойы кезекші-инспектор «GPS» (навигатор) электронды картасы арқылы орын алған қылмыстар бойынша бағыттамаларды дереу хабарлап отырады.

Атырау қаласы ПБ Жедел басқару орталығының кезекші-инспекторлары қала көшелерінде орнатылған бейнебақылау камералаларының көмегімен ізін суытпай 277 қылмысты ашқан.

Сондай-ақ, осы камералар арқылы 16653 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, әкімшілік хаттамалар жасақталған.

Атырау облысы полиция департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521