Кәсіпкерлер құқығы қорғалады

(0 Votes)

Өткен аптада аудан прокуратурасының ғимаратында аудан прокуроры Н.Ешманов пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Г.Едгеева жеке кәсіпкерлермен кесдесу өткізді. Кездесуде кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мәселелері жан-жақты талқыланып, тиісті жауаптар берілді. Сондай-ақ, өз құқықтарын жүзеге асыруға қатысты заңнама нормалары түсіндірілді.

Жиын барасында аудан прокуроры Н.Ешманов 2021 жылғы №1 өкіммен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша мобильдік топ құрылғанын атап көрсетті. Кәсіпкерлерге заңсыз тексерулер жүргізіп қызметіне негізсіз араласу немесе мемлекеттік органдар тарапынан қысым болған жағдайда осы мобильді топқа жүгінуге болатындығын түсіндіріп өтті. Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде кәсіпкерлерден 2 хабарлама түсіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілгені белгілі болды. Одан бөлек, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында 5 заңдылық бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізіліп, 6 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылылғандығы айтылды. Сондай-ақ, қадағалаушы-бақылаушы органның 1 әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту туралы қаулысы бұзылғанын және кәсіпкерге салынған 335455 теңге айыппұл кері қайтарылғанын жеткізді.
Айта кетейік, жергілікті атқарушы және бақылаушы органдардың тарапынан заң бұзушылық орын алған жағдайда аудан прокуратурасына өтініш беріп немесе Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудан бойынша филиалына хабараса аласыз. Сондай-ақ, кездесуде бизнес субъектілерінің құқығын шектеуге қатысты нақты жағдайларды шешу жолдары да талқыланды. Бас қосуға келген әр кәсіпкер тұшымды жауап алды.


Ә.ҚАСЫМ
Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521