Кәсіпкерлер прокурорлардың қорғауында

(0 Votes)

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау - прокурорлық қадағалаудың басым бағыттарының бірі.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында прокурорлар 1 800-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғады, әр түрлі бұзушылықтар бойынша 6 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауап­кершілікке тартылды.

Шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізуге қолданыстағы мораторийге қарамастан, мемле­кеттік органдар Президент Жарлығының талаптарын әрдайым сақтай бермейді.

Мысалы, жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен негізсіз 200 шағын кәсіп­керлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік гранттың игерілуіне қатысты заңсыз тексеріс жүргізгені анықталды.

Қала прокурорының қаулысы негізінде лауазымды тұлға ӘҚБтК-нің 175-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тар­тылды. Тексерулердің күші жойылды.

Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин хабарлаған-дай прокурорлық ден қою шаралары бойынша бұдан да өзге уәкілетті органдардың 300-ден астам тексеруінің күші жойылып, заңсыз деп танылды, оның ішінде есеп шоттарға тыйым салу ша­ралары алынып тасталды, ХҚКО қызметінде шағын бизнес субъ­ектілерін тіркеуден заңсыз бас тарту және жер учаскесін кеңейту кезінде эскиздік құжат ұсыну заңсыз тәжірибесі тоқтатылды.

Бұдан басқа, жылу және сумен жабдықтау қызметтері бойынша кәсіпкерлер үшін тарифтер 66%-ға дейін төмендетілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 Атырау қаласының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521