«Nur Otan» партиясы Мақат аудандық сайлауалды штабының мүшелері ауданның жас кәсіпкерлерімен кездесті.
Сайлаушылар алдында сөз алған партия өкілдері аудандағы кәсіпкерліктің даму жайы, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулар туралы әңгіме өрбітіп, кәсіпкерлердің бүгінгі тыныс-тіршілігіне қанықты.
Штаб мүшелері алдағы уақытта іске асатын жоспарлардың нақты бағыттарымен таныстырып, жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар төңірегінде сөз қозғады.
COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында 204 адамы бар 108 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін тоқтатқан болатын.
Осы орай да партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасауға ниет білдіріп отыр.
Ауданда партияның қолдауымен алдағы бес жылдықта «Бизнестің жол картасын 2025» бағдарламасы шеңберінде әртүрлі бағытта 10 жоба жүзеге аспақ. Сондай-ақ, жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 17 тұрғынға грант ұсыну жоспарланып отыр. Ал, ауыл бизнесін дамыту мақсатында жергілікті бюджет есебінен 28 жоба іске асыру қатаң бақылауда тұрса, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 500-ден аса тұрғынға стартап жобасына грант және несие алуына жағдай жасалмақ.
Осы бағдарламалардың нәтижесінде ауданда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлердің санын 1,5 мыңнан асырып, ондағы жұмыскерлердің санын 2,5 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Осылайша 2025 жылда жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 2,2 пайызға жететін болады.
Кездесу барысында партия өкілдері келер жылы өтетін сайлауда кәсіпкерлік саласына ерекше қолдау танытуды мақсат етіп отырған «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
М.ІЗТҰРҒАНОВА
«Nur Otan» партиясының Атырау облысы, Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді