Қазақстанда жаңа мемлекеттік компания құрылады. Ол қайтарылған активтерді басқарумен айналысады

(0 Votes)

Активтерді өткізуден түсетін пайда арнайы құрылатын мемлекеттік қорға аударылады. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстанда "Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания" ЖШС-н құру туралы үкімет қаулысының жобасын Ашық НҚА порталында жариялады.

 Алғаш мұндай мемлекеттік компания және арнайы мемлекеттік қор құрылатыны туралы "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" ҚР заңының жобасынан белгілі болған. Аталған заңға мемлекет басшысы биылғы 12 шілдеде қол қойды. "Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания" ЖШС "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңның аясында белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару, сақталуын қамтамасыз ету, өткізуді мақсат етеді. "Басқарушы компанияның міндеттері мемлекетке қайтарылған активтерді оның атынан меншігіне қабылдау, мемлекет кірісіне айналдырылған активтердің сақталуын және ұсталуын қамтамасыз ету, активтерге билік ету, активтерді өткізуден түскен қаражатты Арнаулы мемлекеттік қорға аударуды қамтамасыз ету болып табылады", – делінген қаулы жобасында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT