Істен шықпаса, есептегішті жаңартуға негіз жоқ

(0 Votes)

Өткен аптаның сәрсенбісінде  Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілдері табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынушылармен кері байланысын қамтамасыз ету мақсатында қабылдау  өткізді.

Жалпақ тілмен жеткізсек, күнделікті қолданып жүрген газ, су, жарығымыздың айналасынан туындайтын сұрақтарға жауап табылуы үшін, аталған департамент өкілдері осы салалардың басшыларының басын бір арнаға тоғыстырды. Сонымен қатар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен  "Nur Otan" партиясының аудандық филиалының өкілдері де осы ортадан табылды. Бір қызығы, хабарландыруды халық түсінбей қалды ма, әлде мазалайтын сұрақтары табылмады ма, былайғы күні "Телеграмды" шуылдататын қалың жұрттың қарасы көп көріне қоймады. Тек, Бейбітшілік көшесіндегі 11-ші үйдің   ЖК"Мәди" ПИК-інің төрағасы Жылқышы Оңғарбаев тұрғындардың атынан қордаланған сұрақтарын ала келіпті. Алайда, судың қысымы, газдың айналасындағы кейбір мәселелер бойынша сауалдар жолданғанымен, жауабы әкімшілік арқылы алынатын болды. Тағы бір тұрғын есептегіш құрылғылардың неліктен жиі ауыстырылатынын сұрап, құрылғы істен шықпаған жағдайда оны тексерістен өткізіп, әрі қарай пайдалана беруге болатынын білді.

А.САДЫКОВ   

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT