Ісмерлік пен іскерлік

Ісмерлік пен іскерлік
(0 Votes)

Бүгінде елімізде жаны қалаған жеке кәсібін ашып, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырамын деген жанға әрдайым қолдау бар. Жұмысшы мамандықтар жылына орай да жақсы қолдаулар болып келеді. Бастысы ашқалы отырған кәсібінің маңызын дәлелдеп, арнайы бизнес жоспарын лайықты қорғап шығуы қажет.

 Осындай мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, жеке кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкер жандардың  бірі индерборлық Айгерім Есентайқызы. 

-Қазір негізінен әйел адамдардың киімдерін тігіп берудемін. Әр адамның өлшемі  әртүрлі. Кейбіріне сатып алған киімдері үйлесе бермейді немесе   өлшемінен қателісіп тіктіруге әкеледі. Түрлі  терезе жабындыларын өз қиялыммен тігемін. Балалардың түрлі шараларға қатысатын киімдерін тігуге де  тапсырыстар түсіп жатады.

 Ауданда тігіншілер көп болғандықтан бәсекеде көп. Әділ бәсекелестіктің болғаны да жақсы. Ал менің бәсекеден қорықпай ұстанатыным, қымбат болса да әрбір тапсырысымды  сапалы болғанына баса мән беремін.  Олпы-солпы, қалай болса-солай жасағанды ұнатпаймын. Сондықтан да болар тапсырыс беруде әрдайым маған жүгінетін тұрақты тұтынушыларым бар. 
Өзім әрбір өніміме  ұлттық нақышта әшекейлеп оюды қосуды ұнатамын. Осылайша өзімнің брендімді қалыптастырғым келеді, - дейді ол.

Саламат БАЗАРБАЕВ

Индер ауданы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT