Исатайда апатты үйлер бұзылып жатыр

(0 Votes)
Исатай ауданы Хамит Ерғалиев ауылындағы 1960–1970 жылдары салынған екі қабатты үш тұрғын үй апатты деп танылып, толықтай бұзылуда. Мұнда барлығы 17 пәтер болған, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 
 
Еске салсақ, облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, апатты үйлердің тұрғындарына арналған жаңа, заманауи талаптарға сай 17 пәтерлі үй салынып, қыркүйек айында исатайлықтар жаңа баспаналарына қоныстанған. 
 
⁃Ғимарат барлық инженерлік желілермен қамтылған: газ, су, жарық және кәріз жүйелері жүргізіліп, ауласы абаттандырылған. Бастама аудан тұрғындарының қауіпсіз әрі қолайлы баспанамен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік беріп, апатты үйлер мәселесін түбегейлі шешуге бағытталған жұмыстардың нақты нәтижесі болып отыр, - деді аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Нұрбол Жампейісов.
 
Сала мамандарының сөзінше, бұл бағыттағы жұмыстар аудан бойынша кезең-кезеңімен жалғасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT