Атырау жастарының интеллектуалды ойлауын жаңғырту мақсатында «ATYRAU INTELLECT FEST» облыстық фестивалі өтті.
Бұл шара 7 ауданды қамтып, 7 бөлімнен құралды: «ATYRAU PUZZLE DAY» пазл құрастыру сайысы, WORKSHOP тегін практикалық сабақ, «OQYP JARYS» кітап оқу жарысы, «ATYRAU QUIZ»- 2 туры, «ATYRAU INTELLECT FEST» ашылу және жабылу салтанаты форматында өтпек.
Фестиваль «ATYRAU PUZZLE DAY» пазл құрастыру сайысынан басталды. Бұл сайысқа 30 команда қатысып, 500 ұсақ бөлшекке бөлінген пазылдарды құрады. Аталмыш шараға 14- 35 жас аралығындағы өңірдің жастары қатысты.
Айта кету керек,,«ATYRAU INTELLECT FEST» жобасы тамыз айынан бері жүзеге асырылуда. Жоба 2000-ға жуық жасты қамтыды