Инвестициялар тарту бойынша Атырау өңірі республикада алдыңғы орында

Инвестициялар тарту бойынша Атырау өңірі республикада алдыңғы орында
(0 Votes)

 Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде сыртқы инвестиция – 902 млрд теңге, ішкі инвестиция – 1,5 трлн теңге. Тұтастай алғанда, елімізге тартылған инвестициялардағы Атыраудың үлесі 18,3%-ды құрайды.

 «Облысқа тартылған тікелей шетелдік инвестиция 3,5 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс, кәсіби, ғылыми-техникалық қызмет және басқа бағыттарға тартылды», - деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, облыста 3 инвестициялық жоба іске асырылуда.

«Қазіргі уақытта құны 76 млрд теңгені құрайтын Атырау вагон жасау зауытының құрылысы басталмақ. Зауытта 1 700 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, сұйытылған газ сақтау қоймасы. Жобаның құны – 18 млн АҚШ доллар. Ауыл шаруашылығы саласында ауданы 5,6 га құрайтын жылыжай салынады. Жобаның құны – 8 млрд теңге. Бұл инвестициялық жобалар 2024 жылы іске қосылады», - деді аймақ басшысы.

@ortcom_kz #CCS

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT