Індетпен күреске 1 млрд 700 млн қаржы бөлінді

(0 Votes)

«Атырау облысының тұрғындары коронавирустық инфекциялар және пневмония болған жағдайда медициналық көмекті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы мәртебесіне қарамастан тегін алады», деп хабарлайды Атырау облысы коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек мәлімдеді.

Филиал коронавирус пен пневмонияға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға 1,70 млн теңге бөлді, оның ішінде:

- медицина қызметкерлеріне үстемақы – 716,10 млн теңге;

- медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау жөніндегі қызметтерге - 673,83 млн теңге, 2,59 мыңнан астам адам карантиндік және инфекциялық стационарларға жатқызылды және емделді;

- ПТР диагностика қызметіне - 318,80 млн теңге,

- мобильді бригадалардың шығуына – 25,3 млн. теңге,

- үйдегі стационарлар қызметіне – 1,6 млн теңге.

Биыл үш айда КВИ вирусын анықтауға 318,8 млн. зерттеу қаржыландырылған.

Сурет: ашық дереккөз

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT