ИНДЕРБОР КЕНТІНДЕ БЫЛТЫР БАСТАЛҒАН ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҰМЫСТАРЫ СӘУІР АЙЫНДА ҚАЙТА ЖАЛҒАСТЫ.
Аудандық тұрғын үй- коммуналдық қызмет, жола- ушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас-шысы Шапағат Ғаббасовтан білгеніміздей, қазіргі уақытта «Шығыс» мөлтек ауданында 12 көшеге ұзындығы 5,3 шақырым және 15 көшеге 10,4 шақырым кентішілік жолдарының құрылысы жүрмек. Бұл жоба- ларды "Монолит Дизайн" ЖШС жүзеге асыруда.
– Мердігер мекеме, тап- сырыс беруші, техникалық қадағалаушы мамандармен бірге жұмыс барысы зерделенді. Жол құрылыс жұмыстарының жобалау құжаттамасы мен құрылыс нормативтеріне сай сапалы орындалуы мердігерге қойылатын басты талап және жұмыс барысы әрдайым бақылауда болады, - деді салалық бөлім басшысы.
Айта кетейік, былтыр атал- мыш мөлтек ауданның бірқатар көшелерінде жолдың беткі қабаты алынып тегістеліп, инертті материалдар төселген болатын. Ал «Болашақ» мөлтек ауданы жолының құрылысы осы сәуір айының ішінде жалғасын табатындығын білдік. Бұл жобаны «Қарасай құрылыс» ЖШС жүзеге асырады.
Саламат САНСЫЗБАЙҰЛЫ,