Индер ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Шолпан Ержанованың Қаулысы шықты.
“ATPress.kz”-тің хабарлауынша, бұл ақпаратты Индер ауданы әкімінің орынбасары растап отыр. Карантиндік шаралар 19 маусым сағат 00.00-ден бастап шамамен 2 шілдеге (аудандағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты) дейін енгізіледі.
Ал, жалпылай алғанда, қойылатын талап бұрынғыдай Атырау қаласындағыдай, яғни, кіре-беріс қақпаны арнайы блокбекеттер күзетеді, қозғалысқа, көпшілік шаралар өткізуге, кәсіпорындар мен ШОБ нысандарының қызметіне шектеу немесе бірен-саран тыйым салынады және т.б.
Ең бастысы, Атырау-Орал тасжолымен (“махамбеттік” бағытта) жүру керек. Өйткені, аудан орталығының өзіндегі көпірмен жүру енді мүмкін емес. Ал, жақын маңдағы көпір тек өзеннің арғы бетіндегі көршілес Махамбет ауданының орталығында ғана орналасқан.