Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қолдауымен Halyk Homebank мобильдік қосымшасында жаңа сервис пайда болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Енді заңды тұлғаның атауы, оның БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі), мемлекеттік тіркеу орны мен күні, басшысы және құрылтайшыларының деректері мен еліміздегі филиалдар мен өкілдіктер туралы ақпараттарды мобильді қосымшадан білуге болады, деп хабарлайды ҚР ӘМ баспасөз қызметі. Бұл ақпарат сенімді серіктес немесе сенімді жұмыс берушіні іздеуде пайдалы. Жаңа қызметті пайдалану қарапайым және оңай. Halyk Homebank қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне өтіп, «Анықтамалар» бөлімін таңдау қажет. Ол бөлімде «Заңды тұлғалар туралы мәліметтер» батырмасы бойынша барлық қажетті деректер қолжетімді.
Амандық Сағынтайұлы