Атырау облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының бас ғимараты күрделі жөндеуден өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Орталық 2,4,5 қатарлы үш корпустан тұрады. Бас ғимарат бес қабатты. Ол биыл күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Ал, апатты деп танылған төрт қатарлы ғимарат сүріледі. Өңірлік коммуникациялар қызметі оның орнына ешқандай нысан салынбайтынын мәлім етті.
- Қазір 4 қатарлы ғимаратта орналасқан ЛТО-1, ЛТО-2 және ересек науқастар емделіп жатқан бөлімше екінші ғимаратқа көшірілді. Ал жөндеуден өткен бес қатарлы бас ғимаратта балалар ем алып жатыр. Алдағы уақытта ішкі жұмыстар толық аяқталған соң осы ғимарттан ота жасау блогы жасақталады. Сондай-ақ, қазір мұнда дәріхана мен клинико-диагностикалық бөлім және әкімшілік орналасып жатыр, - деді орталық директорының у.м.а Гүлжанат Бекболатова.
Айта кетейік, биыл облыста туберкулездің таралуы көрсеткіші 7,6% пайызға төмендеген. Жалпы орталық 85 адамға арналған. Бүгінде 59 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 10-ы бала.
Сәуле МАҒАУ