Ескертуді елемеген нысандарға мониторинг жүргізілуде

(0 Votes)

"Атырау Ж.Б.И.-2005" ЖШС-нің мердігері техникалық қадағалау мен Тапсырыс берушінің ескертуіне "Техэксперт-Эко" ЖШС-де объектіні техникалық тексеруге тапсырыс берді. Сарапшының техникалық қорытындысы негізінде (аттестат №KZ39VJE00027916) 72 пәтерлі тұрғын үйдің жағдайы– 3 санатты – өте қанағаттанарлық емес, жұмысқа қабілетті жағдайы шектеулі.

Бар зақымданулар салмақ көтеру қабілетінің төмендеуін көрсетеді. Сонымен қатар, қалыпты пайдалануды жалғастыру үшін зақымданған құрылымдарды жою бойынша жұмыстар талап етілетіні көрсетілді. БВ бойынша 2,3,4,5,6,7,8,12 осьтері бойынша раманы күшейту талап етіледі.

Алайда, мердігер "Атырау Ж.Б.И.-2005" ЖШС осы ескертуді елеместен, ал "Атырау қаласының құрылыс бөлімі" ММ лауазымды тұлғалары нысанды ескертусіз қабылдап, ақшалай қаражат толық көлемде төленді. Осыған байланысты, арнайы мониторингтік топ және "Атырау-адалдық алаңы" жобалау кеңсесі шағынаудандағы жоғарыда көрсетілген үйлерге мониторинг жүргізді.

Тексеру жүргізу үшін бұзушылықтарды және объектіні одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтау мақсатында Атырау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасына және құрылыс саласындағы мамандарға нақты залалды анықтау үшін сұраныс жіберілді.

"Сот-құрылыс сараптамасы және бағалау" ЖК маманының қорытындысына сәйкес – тұрғын үй ғимараты құрылымдарды күшейту бойынша жұмыстарды жүргізуге және одан әрі пайдалануға жарамсыз. Қазіргі уақытта мемлекеттік-сәулет бақылау басқармасынан кепілді мерзім ішінде бұзушылықтарды түзету туралы хат алынды. 72 пәтерлі тұрғын үй ғимаратындағы темір бетонды ригельдерді күшейту бойынша ҚМЖ құны бойынша алдын ала шығындар 29 472 411 млн. теңгені құрайды.

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша құрылған Индер ауданындағы 23 пәтерлік үйге де қатысты. Қазіргі уақытта 45 аз қамтылған және көп балалы отбасы қоныстанды. Тапсырыс беруші ЖК Саламат Әбілхаиров өз қаражатына үй салды, кейіннен әкімдік жалпы сомасы 630 млн.теңге болатын, әрқайсысын 28 млн. теңгеден сатып алды.

Алайда, қыстың және маусымдық жаңбырдың басталуымен тұрғындарда проблемалар туындады. СМГ төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Амангелді Аманиязұлы Абдоловтың жедел жұмысы барысында құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары А. Мұсағалиев пен Индер аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Б. Иманғазиева жауапкершілікке тартылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Атырау облысы бойынша департаменті

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT