Атырау облысы прокурорының бұйрығымен Ерлан Елеубайұлы Какиев Атырау қаласы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.
Е.Е. Какиев 1991 жылы туылған.
Прокуратура органдарында 2015 жылдан қызмет етеді.
Қызмет жолында Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлім аға прокуроры, Атырау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, басқарма аға прокуроры, Атырау қаласы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарды.
Осы тағайындауға дейін Мақат ауданы прокурорының орынбасары лауазымында болды.