Ерен еңбек еленген күн

(0 Votes)

Еңбек күні – Қазақстандағы ресми мереке. Мерекенің басты мақсаты – адал еңбекті дәріптеу, еңбек адамын құрметтеу, әр салада тер төгіп жүрген азаматтардың еңбегін бағалау.

Еңбек күніне орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында "Еңбек адамы – ел мақтанышы" атты мерекелік шара өтті. Шара барысында еңбек адамдарының қоғамдағы орны мен маңызы ерекше атап өтіліп, түрлі салада аянбай қызмет етіп жүрген азаматтарға алғыс білдірілді.

Шара барысында Еңбек ардагерлері мен «Еңбек жолы» республикалық конкурсының аудан бойынша жеңімпаздары марапатталды. «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша «Құлсары» газетінің редакторы – Әбдіхалық Сисенбердиев, «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша «Жылыойгаз» ЖШС-нің техника қәуіпсіздігі инженері Айбар Аманжолов және «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша Nº1 жалпы орта білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі Алмагүл Айтуарова алғыс хатпен марапатталды. Алғыс хат иелерін аудан әкімінің орынбасары Аманжол Айдашев марапаттады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT