ЕПТІ ЕҢБЕКСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

ЕПТІ ЕҢБЕКСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
(0 Votes)

«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА» ОРАЙ ОБЛЫСТА 60 ПУНКТТЕН ТҰРАТЫН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ. ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ӨҢІРДЕГІ БАРЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕР МЕН ҰЙЫМДАР ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛУЫ ТИІС. ӘСІРЕСЕ, ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ АРҚЫЛЫ ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУГЕ КӨП КҮШ САЛУҒА ТУРА КЕЛМЕК. ЕНДЕШЕ АУДАНЫ - МЫЗДА БҰЛ РЕТТЕ ҚАНДАЙ ЖҰМЫС АТҚАРЫЛМАҚ? ЕҢБЕККЕ ҚАБІЛЕТТІ ТҰРҒЫНДАР ЖҰМЫСПЕН ҚАЛАЙ ҚАМТЫЛАДЫ? ОСЫ ЖАЙТҚА ҮҢІЛІП КӨРГЕН ЕДІК. АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ СЕРІКҚАЛИЕВА АЖАР ЖАЛҒАСҚЫЗЫНА ЖОЛЫҒЫП, ОСЫ БАҒЫТТА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ХАҚЫНДА СҰХБАТТАСҚАН БОЛАТЫНБЫЗ.

– Өзіңіз жетекшілік етіп отырған бөлімге халықты жұмыспен қамту міндеті қойылғаны белгілі. Ендеше биылғы жылға қандай істер атқарылады?

– Облыс әкімі Серік Шәпкенов бекіткен іс-шаралардың мақсаты – позитивті еңбек имиджін құру, жұртшылықты жұмысшы кәсіптер туралы хабардар ету, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға әлеуметтік әріптестерді тарту. Сонымен қатар жұмыс берушілердің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылын күшейте отырып мықты кадрларды даярлау міндеттері тұр.

Бұл орайда ауданда Индер көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжінің ұйымдастыруымен «Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбына студенттер топ шеберлерінің бірлесіп ұйымдастыруымен кездесу, көрме өткізілді. Ол турасында аудандық басылым арқылы аудан тұрғындарына кеңінен насихатталды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына қатысуға ниет білдірушілерге конкурс талап- тары таныстырылды. Алдағы уақытта аудандық білім бөлімімен бірлесе отырып «Жұмысшы мамандығы – заман талабы» тақырыбында мектептердегі 9-11 сынып оқушыларына «ашық есік» күнін өткізу жоспарлануда. Мұндағы мақсат – аталған сынып оқушыларының жұмысшы мамандықтарын таңдауға деген қызығушылығын ояту. Сондай-ақ «Skills» мектеп оқушылары, түлектері мен студенттерді онлайн оқыту курстарына 1800 адам оқыту жоспарланып, 367 адам оқудан өтіп, жоспар орындалысы 20,4 пайызды құрады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

– Халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстарға тоқталып өтсеңіз. Соңғы кездері аймақтағы мұнай кен орындарындағы жұмыс беруші мекемелердің қатары азайып, керісінше жұмыссыздардың қатары көбейіп отырғаны жасырын емес қой...

– Жұмыссыздарды тұрақты жұмыспен қамту жоспары 1100 болса, алғашқы тоқсандағы орындалысы 180 немесе 16,4 пайызды құрап отыр. Аудан бойынша жұмыс іздеушілер саны жылдан жылға өсуде. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны биыл 131 адамға артты. Оған ауысымдық әдіспен жұмыс істейтін жұмыс орындарының қысқаруы себеп. Кәсіпорындар мен мекемелерден бос жұмыс орындарына өтініш аз түсуде. Біздің бөлім «Мансап» орталығының мамандарымен бірлесе аудандағы кәсіпорындар мен мекемелерге жұмыспен қамту бағытында түсінік жұмыстарын жүргізуде. Биылғы жылдың алғашқы тоқсан қорытындысымен 28 мекемеге жұмыс барысында «Еңбек. кz» порталы арқылы электронды келісімшарты, бос жұмыс орындарына вакансияны салу бағытында түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді.

– Жұмыс орындарын құру қалай жүруде?

– Ауданда орналасқан шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік нысандарға қажетті мамандықтардың орнын толтыруға мүмкіндік беретін 2170 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланды. Соның ішінде алғашқы тоқсандағы орындалысы 542 адамды құрады. Ал қысқа мерзімді оқыту курсына 6 адам жібереміз, бірақ оның уақыты анықталмауына орай әлі басталған жоқ. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 266 адам жолдау жоспарланып, 252 адам жұмысқа орналасса, әлеуметтік жұмыс орындарына 52 адам жолданды. Сол секілді «Жастар практи- касы» бағдарламасына 105 адам тарту жоспарланса, соның 19-ы орналасты. Жыл соңына дейін жоспарды орындау бағытында тиісті шаралар қабылдануда. «Менің алғашқы жұмыс орным» бағдарламасына 25 адам жоспар- да бар, күні бүгінге жұмыссыздар қатарынан бұрын-соңды жұмыс жасамаған азаматтар іздестірілуде. «Күміс жас» жоба- сына 60 адам жоспарға алынып, 47 адам орналастырылды.

– Жұмыссыздықты азайтудың тағы бір жолы боп табылатын мемлекет тарапынан беріліп жатқан түрлі мемлекеттік гранттар жөнінде не айтасыз?

– Әлбетте, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында кәсіпкерлік нысандардың ашылуы өз септігін тигізеді. Осыған орай тиісінше жұмыстар жалғасын табуда. Айталық, «Ба- стау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 160 адамды оқыту жоспарланып, 12 адам (7,5 пайыз) оқудан өтті. Биыл жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік қайтарымсыз грантты 20 адамға беру жоспарда. Күні бүгінге 21 азаматтан өтініш түсті. Грант беру уақыты белгіленген жоқ.

– Мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайына да аталған бөлім жауапты ғой. Оларға қандай қолдаулар көрсетілуде?

– Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін тұрақты түрде арттыру, сол арқылы әлеуметтік қорғауды жетілдіру, соның ішінде аз қамтылған, жұмыссыз, нысаналы топтарға жататын азаматтарды жұмыспен қамту бағытындағы жақсы ізденістер мен игі нәтижелер ау- дан көлемінде де іске асырылуда. Аудан бойынша мүгедектер саны 1524 болса, оның ішінде I топта – 299, II топта – 454, III топта – 589 ересек, 182 мүгедек бала бар. Өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны 12 адамға көбейгені байқалады. Кресло-арбамен жүретін мүгедек саны 36 адамды құрайды. Мүгедектігі бар адамдар- ды оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы іске асырылуда. Былтырғы жылдың қорытындысымен 88 мүгедектігі бар мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамту шарасымен қамтылды, оның ішінде 56-і тұрақты жұмыспен, 14-і ақылы қоғамдық жұмысқа жолданса, 2-і әлеуметтік жұмыс орнына, 10-ы оқуға, 2-і арнайы жұмыс орнына жіберілген еді. Бір мүмкіндігі шектеулі азамат қайтарымсыз грант алса, 3-еуі «Күміс жас» бағдарламасымен жұмысқа орналасты. Үстіміздегі жылы бұл жұмыс өз жалғасын табатын болады.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Сұңқар ЕРСАЙЫНҰЛЫ

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT