АСТАНА. KAZINFORM - «Keden» кедендік ақпарат жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына автомобиль көлігімен жеткізілуі тиіс тауарлар жөнінде алдын ала хабар беретін қызметті енгізбек.
2025 жылғы 17 ақпаннан бастап автомобиль өткізу пункттерінде алдын ала ақпаратты ұсыну және өңдеу «Keden» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылатын болады.
Алдын ала ақпаратты кеден органдары кедендік операцияларды жасауды жеделдету және кедендік бақылауды жүргізуді оңтайландыру үшін пайдаланады.
Өз кезегінде алдын ала ақпарат беру Еуразиялық экономикалық одақ аумағына тауарлар мен көлік құралдары келген кезде кедендік операцияларды және аралас қызметтерді интеграцияланған бақылауды өту мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Тауарларды автомобиль көлігімен өткізу кезінде жүйеде алдын ала ақпаратты толтыру және тіркеу тәртібі бойынша нұсқа https://keden.kgd.gov.kz порталдағы басты бетте орналастырылған.
Техникалық сұрақтар туындаған жағдайда пайдаланушыларды қолдау қызметіне хабарласуға болады: +7 7172 73 55 19, +7 705 956 53 89
e-mail:
тelegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.
Осыған дейін қазақ-өзбек шекарасында кеден терминалы ашылатыны туралы хабарланды.