Еңбек – тәрбие құралы

(0 Votes)

 Сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету оларды түзеу және қайта тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.

Бұл ретте облыс прокуратурасы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп пенитенциарлық мекемелеріне бизнес өкілдерін тарту және сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі күнде «Еңбек-Батыс» филиалында және 14 бизнес субъектілерінде киім тігу, қағаз, ағаш, темір бұйымдарын шығару және тамақ өнімдерін дайындау цехтарында 200-ден астам сотталған ақылы жұмыс жасауда, бұл олардың талап берешектерін өтеуге және туыстарына көмектесуге мүмкіндік береді.

Түзеу мекемелерінде жұмысқа орналасу еңбек заңнамасымен реттеледі және қамауда отырған әрбір адамның бос лауазымға орналасуға құқығы бар.

«Өз кезегінде бас бостандығынан айыру орындарында кәсіп ашу бизнес субъектілеріне көптеген артықшылықтар береді. Бұл дайын инфрақұрылым, объекті мен жабдықтарды қорғау, жалдау ақысының төмендігі, сотталғандардың арасынан білікті жұмыс күшімен қамтамасыз ету», - деп атап өтті облыс прокурорының орынбасары Нұржан СЕРІКҰЛЫ.

Жұмыс беруші сотталғанның кәсіби және іскерлік қасиеттеріне баға бере отырып, жұмысқа қабылдау туралы шешімді өзі қабылдайды.

Қазіргі уақытта сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз етуді одан әрі жалғастыру үшін жаңа жұмыс орындарын ашуды қажет етеді.

Бұл ретте облыс прокуратурасы түзеу мекемелерінде бизнес ашуға ниеті бар кәсіпкерлерге ұсыныстары бойынша ҚАЖ Департаментіне жүгіне алатындығын хабарлайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT