Еңбек адамы – ел дамуының тірегі

Еңбек адамы – ел дамуының тірегі
фото: https://aqmeshit-zhastary.kz
(0 Votes)

Бүгінде қоғамның жүйелі дамуы мен күнделікті тіршіліктің қалыпты ырғақта жүруі – жұмысшы мамандық иелерінің тынымсыз еңбегі мен кәсіби шеберлігінің жемісі.

Өндіріс пен құрылыс, ауыл шаруашылығы мен коммуналдық қызмет - осылардың барлығы да қарапайым еңбек адамдарының қажырлы қызметінің арқасында алға басып келеді.

Жалпы жұмысшы мамандығы бұл тек дене еңбегі ғана емес, бұл – терең кәсіби дайындықты, жоғары жауапкершілікті, тәртіп пен адалдықты талап ететін күрделі сала екені сөзсіз.

Сондықтан бүгінгі таңда еңбек нарығында шеберлігі шыңдалған, тәжірибелі жұмысшыларға сұраныс күн санап артып келеді. Ел экономикасының өркендеуі де дәл осы маман иелерінің табанды еңбегіне тікелей байланысты.

Айта кетейік, білікті жұмысшы – тек өз ісінің маманы ғана емес, қоғамның іргесін бекітіп тұрған берік тірек деуге болады. Осындай еңбек адамдарының еселі еңбегін бағалау – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.

 

Қ.Омаров

Ардагер

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT