Елордада жаңа қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды салу бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда.
Биыл 165-тен астам аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланып отыр. Олардың бір бөлігі «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша аяқталды. Ал Сарыарқа ауданы бойынша абаттандыру жұмыстарына бюджеттен жалпы 2 млрд теңге бөлінген.
Жергілікті әкімдік өкілдерінің сөзінше, Бүгінде бір ғана Сарыарқа ауданы бойынша биыл 30-ға жуық көп қабатты үйдің ауласын абаттандыру нысаны және балалар ойын алаңшасын тұрғындардың игілігіне тапсыру жоспарда бар.
Мұнда шағын футбол алаңы, әткеншектер, сырғанақ, басқа да ойын құрылғылары орнатылған. Енді балалар асыр салып, алаңсыз ойнайды.
- Қазіргі таңда бүгінгі күнге оның 10 ауланы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Және де 6 аулада жұмыс жүргізіл жатыр. Толықтай қалпына келтіру автотұрақтарды жаңарту, ойын алаңдарын, спорт алаңдарын көгалдандыру және жарықтандыру болып саналады. Тағы да 3 жоспарлаланған қоғамдық кеңістіктің тұрғындарға пайдалануға өткіздік. Және 1 қоғамдық кеңістікте жұмыс жүрігізіліп жатыр. Әрі қарай одан да бөлек тарихи көшелерімізді абаттандыру, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр,- дейді Сарыарқа ауданы әкімі аппараты абаттандыру бөлімінің бас маманы Бағжан Сәбденов, Сарыарқа ауданы әкімі аппараты абаттандыру бөлімінің бас маманы.
Жергілікті билік өкілдері қаланы абаттандырумен қатар көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Биыл 1 млн жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр. Оның бір бөлігі қаланың жасыл белдеуінде болмақ.
24.kz