Елімізде ветеринария қызметкерлерінің кәсіби мерекесі бекітілмек

(0 Votes)
https://www.inform.kz/

Қазақстанда ветеринария қызметкерлерінің кәсіби мерекесі бекітілуі мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эпизоотиялық жағдайдың саулығы және мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетінің артуы қауіпсіз өнім өндіруді қамтамасыз ететін ветеринария жүйесімен тығыз байланысты. Бүгінгі күні Қазақстанда Малшылар күні, Орман шаруашылығы қызметкері күні, Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні, Балық шаруашылығы қызметкерлері күні сияқты кәсіби мерекелер бар.

Алайда, бүгінгі күні ветеринария саласындағы қызметкерлердің өздерінің кәсіби мерекелерін атап өту мүмкіндігі жоқ және осындай мереке болмағандықтан бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласына өздерінің қатыстылығын сезінбейді. Сондықтан 10 шілде - «Ветеринария туралы» ҚР Заңы қабылданған күнді Ветеринария қызметкері күні деп айқындауды ұсынамыз», - деп жазылған құжатта.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сай, аталған мерекені бекіту сала қызметкерлерін ынталандыруға және ветеринарияның стратегиялық маңыздылығын айқындауға сеп болмақ.

Құжатты ашық талқылау 14 желтоқсанға дейін жалғасады.

Мақат тынысы

Сайлау

ybory-2023-price

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика