Елімізде пияз бен жұмыртқа қымбаттады, қырыққабат пен картоп арзандады

(0 Votes)

Өткен аптада және ай басынан бергі кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға 0,2%, ал жыл басынан бері 17,4% өсті. Бұл деректі Ұлттық статистика агенттігі жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жылдық мәнде баға 17,7% қымбаттады, бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңінен 2,2 пайыздық тармаққа жоғары.
Ұлттық статистика агенттігі
Бір апта ішінде қымбаттағаны:

пияз – 1,5 %-ға;

жұмыртқа, І санат – 1,2 %-ға.

Бір апта ішінде арзандады:

қырыққабат – 6,7%-ға;

картоп – 2,6%-ға;

сәбіз – 0,4%-ға.

ҚР бойынша кейбір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа бағасы:

сары май – 3256 тг/кг;

сиыр еті – 2200 тг/кг;

сүзбе – 1726 тг/кг;

бидай ұны, І сұрып – 220 тг/кг;

қарақұмық жармасы – 501 тг/кг.

Zakon.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521