Елімізде балаларға ұлттық құндылықтарды мектеп жасынан дәріптеу бағытында арнайы пән енгізілуі мүмкін

Елімізде балаларға ұлттық құндылықтарды мектеп жасынан дәріптеу бағытында арнайы пән енгізілуі мүмкін
(0 Votes)

Бұл мәселені Атырауда өтіп жатқан үшінші ұлттық құрылтай барысында Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева көтерді. 

«Еліміздің тұрғындарының үштен бірі балалар. Балалардың дүниетанымын қалыптастыру мақсатында құндылықтарды дәріптеу маңызды» деп атап өтті ол. Динара Закиеваның пікірінше, халқымыздың белгілі бір құндылықтар тізімін анықтау керек.

«Және ол құндылықтар бала бойына мектеп жасынан сіңірілуі тиіс. Ұрпақ тәрбиесі – ел болашағы. Сондықтан, біздер білімді, рухани кемел, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге жұмыстануымыз керек» деді Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева.

Баян Жанұзақова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT