Атыраулықтар шілденің шіліңгір ыстығында салқындатқыштарды жиі пайдаланатындықтан электр энергиясын тұтыну көрсеткіші күннен-күнге артып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Энергияға деген бүгінгі сұранысты АЭС өтей ала ма? Біз бұл сауалды «Атырау-Жарық» АҚ бірінші вице-президенті Қуат Сисенғалиевке қойған едік. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы халыққа Жоладуындай айтқандай, қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады, - дейді ол. – Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. "Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады" деген болатын Президент.
Атырау өңіріне келсек, мұнда тұрғындар шілдеде 240 миллион кВт электр энергиясын тұтынған. «Атырау Жарық» АҚ тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтыған. Өңірде 9400 жоғары кернеулі әуе электр желісі тартылған, 77 қосалқы станса мен 1674 трансформаторлы пункт жұмыс жасайды. Онда 1415 адам еңбек етеді. Тұрғындар шілденің ыстығында салқындатқыштарды жиі пайдаланатындықтан электр энергиясын тұтыну көрсеткіші артады. Біз халықтың қажеттілігін толық өтедік. Биыл жоғары кернеулі әуе электр желілері күрделі жөндеуден өтуде. Атап айтсақ, 110 кВ 308, 35 кВ 65, 6/10 кВ 221, 04 кВ 100 шақырым. Сондай-ақ 1,6 шақырым кабель желісі мен 14 қосалқы стансада күрделі жөндеу жүреді, 32 трансформаторлы пункт ауысады.