Ел тірегі - ауыл еңбегі

Ел тірегі - ауыл еңбегі
(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше басымдық берілгені – ел болашағы үшін маңызды шешім. Бұл сала – азық-түлік қауіпсіздігінің, экономикалық тұрақтылықтың және ауылды жерлердің әлеуетін арттырудың негізгі тірегі.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығына бағытталған реформалар нақты нәтижесін бере бастады. Биылдың өзінде шаруаларды қолдауға 1 триллион теңге бөлініп, қажетті несиелер уақытында берілді. Мұндай кешенді қолдау бұрын-соңды болмаған, бұл – мемлекет тарапынан көрсетілген сенім мен қамқорлықтың айқын көрінісі.

Ауыл еңбеккерлеріне жасалған бұл мүмкіндік – жаңа технологияларды енгізуге, өнім көлемі мен сапасын арттыруға жол ашады. Біз, жас буын, осы саланың болашағына сенеміз және аграрлық саладағы жаңғыруға өз үлесімізді қосуға дайынбыз.

 

Ш.Ищанғалиев,

ардагер

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT