30 сәуір күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі «1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні» қарсаңында «Ел бірлігі - татулықтың тірегі» атты кітап иллюстрациялық көрмесін ұйымдастырды.
Шараға Н. Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушылары қатысты. Мақсаты: Оқырмандарга өзге ұлттардың мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін таныстыру Кітап көрмеге Қазақстанда тұратын барлық этностық топтардың тарихы мен қазіргі өмірін, мәдениетін.,дәстүрлерін және өнерін бейнелейтін «Бір халық, бір ел, бір тағдыр», «Қазақстан халқы Ассамблеясы: Жиырма жылдық тарих», «Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері: есімнамалар энциклопедиясы», «Қазақстан бірлік және келісім мекені». «Народ Казахстана» энциклопедия, «Қазақстан этностары; тарихи-этнографиялық энциклопедия». т. б. кітаптармен қатар өзге ұлттың макеттері қойылды.