Ел аймақтарындағы жоғары оқу орындарында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің әлемдегі рөлі жайлы дәріс өтті

Ел аймақтарындағы жоғары оқу орындарында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің әлемдегі рөлі жайлы дәріс өтті
(0 Votes)

Ағымдағы жылдың 15 наурызында «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КеАҚ ұйымдастыруымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қазіргі әлемдегі рөлі және «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 2023-2033 жылдарға арналған Даму тұжырымдамасының» негізгі ережелері кең ауқымда баяндалған онлайн форматтағы дәріс өтті.

Шараға Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеттері белсене қатысты.

Дәріс барысында Орталықтың бас сарапшысы, PhD доктор Руслан Ибраев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін шақыру жөніндегі қазақстандық бастама аясында өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасындағы жаһандық диалогты ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінде жаһандық мәселелерді шешу үшін Әлемдік және дәстүрлі діндердің интеграциялық және жасампаздық әлеуетін, сондай-ақ жалпыадамзаттық және рухани құндылықтар кешенін пайдалану маңызды. Осыған орай, қабылданған Съездің 2033 жылға дейінгі даму Тұжырымдамасы Съездің дінаралық алаңын одан әрі кезең-кезеңмен дамытуды және оның әлемдегі конфессияаралық және өркениетаралық диалогты нығайтудағы рөлін айқын көрсетеді. Біздің миссиямыз – барлық ізгі ниетті адамдар, өскелең ұрпақ, барлық елдердің рухани, саяси және қоғамдық көшбасшыларымен бірігіп, толеранттылық, бейбітшілік пен келісім құндылықтарын насихаттауға көмектесу», - деп атап өтті дәріскер.

Еске сала кетсек, бұған дейін Съездің мақсаты мен міндеттерін түсіндірген дәрістер Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде, Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде өткен болатын.

*Анықтама: 2023 жылғы 11 қазанда Астанада өткен Съездің XXI Хатшылығының қатысушылары қабылдаған Тұжырымдама Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің одан әрі дамуының 2033 жылға дейінгі жалпы пайымын, миссиясын, мақсаттары мен бағыттарын айқындайды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың жаңа парадигмасы шеңберінде алдағы онжылдықта Съездің миссиясы әлемдік және дәстүрлі діндер қауымдастықтары арасындағы өзара түсіністік пен құрметті одан әрі нығайту, сондай-ақ бүкіл адамзатқа әділ, қауіпсіз және гүлденген болашақ құруға жәрдемдесу үшін рухани дипломатияның әлеуетін іске асыру болып табылады.

Съездің даму Тұжырымдамасымен толығырақ танысу үшін https://religions-congress.org/ru сілтемесіне өтіңіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT