Экономиканың негізгі тірегі

Экономиканың негізгі тірегі
фото: https://egemen.kz
(0 Votes)

Президент Жолдауында ерекше мән берілген бағыттардың бірі – тау-кен металлургия саласын дамыту. Бұл сала – еліміздің индустриялық қуатын көрсететін, экономиканың негізгі тіректерінің бірі. Оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 8 пайызды құрап, экспорт пен инвестицияның маңызды көзіне айналып отыр.

Бүгінгі талап – өндірісті жаңғыртып, озық технологияларды енгізу. Бұл тәсіл өндіріс тиімділігін арттырып қана қоймай, экологиялық қауіпсіздікті де қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіби кадрларға деген сұраныс көбейеді. Бұл – өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсерін тигізеді.

Тау-кен металлургиясын қолдау – елдің экономикалық тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне салынған берік негіз. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және саланы технологиялық тұрғыдан дамыту – болашаққа бағытталған маңызды қадам.

 

Қ.Омаров,

аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT