Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев коронавирус жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен байланыста болғаннан кейін оқшауланды.
«Министр қазір оқшауланды. Ол коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынас жасаған ретінде оқшауланды. Елжан Біртановпен ұшақта бірге келді. Таңертең аппарат кеңесі және барлық шара жоспарға сәйкес өтіп жатыр. Министр бәрін үйден өткізіп жатыр», – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева.
Оның айтуынша, Мырзағалиевтің коронавирусты анықтауға тапсырған тесті теріс болған. «Апта соңында тағы тест тапсырады», – деді ол. Еске салайық, 14 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Қазір оның жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Сондай-ақ Мәскеуде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға байланысты қорғаныс министрі, генерел-лейтенант Нұрлан Ермекбаев 2020 жылдың 11 маусымынан бастап өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті.
aikyn.kz