Жылыой ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында жастар арасында қоқыс қалдықтарынан инсталляция жасаудан «ЭкоLive» жобасы ұйымдастырылды.
Командалар ерікті жастар мен колледж студенттерінен құралды.
Шараның негізгі мақсаты - қоршаған ортаға деген қамқорлықты арттыру, тұрмыстық қалдықтарды қайта қолдануға үйрету және шығармашылық қабілетті дамыту. Жоба аясында қатысушылар әртүрлі қалдық материалдарды креативті түрде пайдалана отырып, өз туындыларын ұсынды. Байқауға 5 команда қатысып, әр топ 5 адамнан құралды.
Аталған шарада «Жылыой Тазалық» ЖШС-нің директоры Ақансері Жұмақұлов, орталық басшысы Дана Баймағанбетова және белсенді жас Әйгерім Дарменова қазылар алқасында болды. Шара соңында үздік командалар дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Жоба экология тақырыбында жастардың белсенділігін арттырып, пайдалы тәжірибе мен шабыт сыйлады.
Н.БАТЫР