Еділ су электр станциясынан су жіберу 25 550 м3 / с құрады

(0 Votes)

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 24 сәуір сағат 8-дегі жағдай:

Қинаш пен Шароновка каналында, Еділ өзенінің бассейнінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, деңгейдің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде судың көбеюіне байланысты.

 Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі 302см, тәулігіне көтерілу +14 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 173 см құрайды.

Қиғаш өзені –Котяевка ауылы су бекетіндегі су деңгейі 167 см, тәулігіне көтерілу +9 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 157 см құрайды.

Шароновка өзені –Ганюшкино ауылы су бекетіндегі су деңгейі 183 см, тәулігіне көтерілу +6 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 86 см құрайды. 
 
23 сәуірде Еділ су электр станциясынан су жіберу 25 550 м3/с құрады. 

Қиғаш пен Шароновка каналдарындағы су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT