ҮЕҰ өкілдерінің мәселелері тыңдалды

(0 Votes)

Бүгін, 7 шілде күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Азамат Шаңғалаев жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді.

Аталған кездесуге "Атырау облыстық мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Т.Ещанова, "Айналайын баладан" қоғамдық қорының төрайымы Э.Мусина, "Наркескен" қоғамдық бірлестітігінің төрағасы А.Ищан, "Ақиқат" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғ.Габдуллин және аудан көлеміндегі мекеме басшылары қатысты. Еркін форматта өткен отырыс барысында үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қоғамдағы өздерін мазалайтын мәселелерді көтерді. Сонымен қатар кейбір ұсыныстар әкімшіліктің қаперіне алынып, оларды іске асыру үшін тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берілді. Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының айтуынша, осындай шаралар алдағы уақытта жүйелі түрде жалғасын тауып тұратын болады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521