Доссорлық көп балалы ана Эльмира кәсіп ашып, адамдарды жұмыспен қамтып отыр

(0 Votes)

Ісін алғашқыда гипстен мүсін құйып бастаған Эльмира Ғарифоллақызы уақыт өте келе қоғамдық қор ашқан.

«Өзім жеті баланың анасымын. Декреттік демалыста құр отырмай әртүрлі іспен айналысып нәпақа табатынмын. Кейін мемлекет тарапынан гранттарға қатысып, үлкен мүмкіндік бар екенін білдім. Содан сон ҰЕҰ ашуға жұмыстандым. Себебі Үкіметтік емес ұйым арқылы ауылдағы қоғамдық мәселелерді де шешуге болатынын түсіндім. Жалпы үш жылдан бері жеке кәсіппен айналысамын. Қазір «Айналайын баладан» қоғамдық қорының төрайымы, «Шабыт» шығармашылықты дамытатын оқу орталығының жетекшісі, аудандық іскер әйелдер кеңесі төрайымының орынбасары қызметін атқарамын», - дейді Эльмира Ғарифоллақызы.

Ол алғашқыда 2019 жылдың қыркүйек айында «Бастау бизнес» жобасы арқылы 505 мың теңгенің грантын ұтып алады. Сол жылы желтоқсанда «Іскер ана» жобасына қатысып, оның да гранты бұйырады. Одан кейін Азаматтық Альянс ұйымдастырған жобадан «Айналайын баладан» қоғамдық қоры 500 мың теңгелік грантты иеленіп, 2020 жылы әлеуметтік кәсіпкерлік бағытындағы білімін жетілдіреді.

Сондай-ақ, инновациялық жобаларға арналған грантқа қатысып, 2,5 млн теңгені жеңіп алады. Эльмира Мусинаның «Айналайын баладан» қоғамдық қорының бір бағыты - қайырымдылық. Бүгінгі күні қор көмегімен облыс көлемінде 9 отбасы баспанамен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, әлеуметтік осал топтағы ауыл оқушыларына тегін үйірмелер ұйымдастырады. Онда балалар, сурет салу, гипстен мүсін жасау, шайыр смоласымен жұмыс, тігін және тоқуды үйренумен қатар, ағылшын тілі және мектепке дейін даярлық пәндері бойынша дәріс алады. Бүгінде ол үш жас маманды жұмыспен қамтып отыр.

«Қазіргі таңда жоғары оқу орнында бастауыш сынып мұғалімі мамандығын оқып жатырмын. Бірақ үйде бос отырмай қоғамдық қоры жанынан ашылған үйірмеде қолымнан келгенше балаларды сабаққа баулып, білім беріп, еңбек етіп жатырған жайым бар. Маған қазіргі таңда өзімді дамытып, балалармен жұмыс жасаған өте қатты ұнайды. Қазір жаз мезгілінде балаларды мектепке даярлық ретінде дайындап жатырмыз»,- дейді жас маман Айнұр Бақтыгереева.

Эльмира Мусинаның алға қойған жоспарлары ауқымды. Соның бірі «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен жақында жүзеге аспақ. Ол Доссор кентінен «Батыр боламын» спорттық кешенін ашу үшін жұмыстанып жүр.

Жергілікті әкімшілік жертөледен жалпы аумағы 600 шаршы кабинет бөліп, бүгінде қызу жұмыс басталып кеткен.

М. Серікқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521