Доссорда әлеуметтік нысандардың арбаға таңылған азаматтарға қолжетімділігі тексерілді

(0 Votes)

«AMANAT» партиясының “Кедергісіз келешек” жобасы аясында Доссор кентіндегі бірқатар әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі зерделенді.

Мониторинг жұмыстарына «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әсел Қаржауова, аудандық мәслихат депутаты М.Ізтұрғанова, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің маманы Ә.Мырзахметов, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Д.Тукешов, аудандық Мүгедектер қоғамының төрайымы Тыныштық Ещанова және мүшелері

Бағытжан Құлсариев, Рита Қуантаева қатысты.

Олар А.Құнанбаев, О.Сарғұнанов, Б.Қанатбаев атындағы орта мектептерінде және Ботақан және Сандуғаш балабақшалары мен Халық банкінің Доссор кентіндегі аудандық басқармасында болып, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп - тұруына жасалған жағдайды бақылады.

Бақылау жұмыстары А.Құнанбаев атындағы орта мектебінен басталды.

Мұнда пандус талапқай сәйкес болғанымен, ол негізгі кірістен емес, қосалқы шығу бөлігіне орналастырғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, тактильді таяқшалар және көзі нашар көретін жандар үшін брайль қарпі орналастырылмаған. Мониторинг топ мүшелері кемшіліктер бойынша өз ескертпелерін айтып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру үшін қажетті кеңестермен бөлісе кетті.

О. Сарғұнанов атындағы орта мектебі ғимаратында пан дус талапқай сәйкес болғанымен, оған сырғанауға қарсы жабын қажеттілігі айтылды. Дегенмен, аталмыш білім ордасында мүмкіндігі шектеулі жандарға басқалай мүлде жағдай жасалмаған. Нысанда тактильді плиталар, брайль қарпі жоқ. Дәретхана да мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайсыздық тудырады. Бұны мектеп әкімшілігі де жасырмай, сұрау салғандарын жеткізді.

d997635d-9d2b-47e5-90a5-111ac9e9316c

09f7e262-c9bb-41a6-9179-aa411eac24bc

Мониторинг бойынша әр нысан әкімшілігіне сын-ескертпелер айтылып, ұсыныстар берілді. Бұл зерделеудің орындалуы партияның тікелей бақылауында болады.

М.Ізтұрғанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521