«Доссор» жайдарман командасы үздік үштікте

(0 Votes)

Жылыой ауданында жыл басынан бері өткізіліп келе жатқан «JYLYOI CUP» жайдарман ойыны қорытындыланды. 

Аудан жастарының шығармашылық қабілетін шыңдап, уақытын тиімді өткізу мақсатында өткізілген әзіл сайысына алғашында 7 команда қатысып, олардың 4-і финалға жеткен болатын.

«Астарлы әзіл мен қағытпа қалжыңды, ұтымды ойды сахнада ән, би, мимикамен шебер ұштастырып жеткізе білген командалар жыл бойына тартысты ойын көрсетті. Командалардан әлі де жоғары жетістіктер күтеміз. Ойындары қызықты, әрі тартысты болды»,- дейді Жылыой аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Әлібек Амандық.

Сайыс қорытындысында аудан намысын қорғаған «Доссор» командасы ІІІ орын иеленсе, «Жылыой» командасы ІІ орынға лайық деп танылды. Ал, «Мөр-Мөр» командасы жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ «Доссор» командасының мүшесі Данияр Еримов «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды.

з тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521