Доссор кентінде алғашқы робототехника орталығы ашылды

(0 Votes)

Мақат ауданының Доссор кентінде «Робототехника арқылы болашаққа бағдар» атты алғашқы робототехника орталығының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның көмегімен 5 пен 16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер бағдарламалау негіздері, механика және инженерлік курстарына қатыса алады. Қатысушыларды оқыту «Орталық Азияның Еуразия қоры» және «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен, Әлеуметтік бағдарламалар мен инновациялар қоры іске асыратын «Жарқыра» бағдарламасы аясында жергілікті әлеуметтік кәсіпкер Фариза Санжанова ашқан «BeSmart» білім беру орталығының базасында өтеді.

kfjuthyg77-3

Орталықтың бағдарламасы оқушылардың жасына байланысты үш бағытта жүргізілетін болады. «Шағын робо-клуб» курсы 5-9 жас аралығындағы балаларға арналса, ал 10 жастан асқандарға «Бағдарламалау» және «Жетілдірілген құрастыру және бағдарламалау» курстары жұмыс істейді. Заманауи курстардың арқасында балалар бағдарламалау мен робототехникада негізгі дағдыларды игеріп қана қоймай, сонымен қатар есте сақтау, қиял, талдау және шығармашылықты дамытады.

otu76-fg

-Мен 2018 жылы жергілікті балаларды сапалы және заманауи біліммен қамтамасыз ететін «BeSmart» орталығын аштым. Біз оқытуда жеке тәсілді және стандартты емес шешімдерді ұсынамыз. Бірнеше жыл ішінде орталықтан 500-ден астам бала оқуды аяқтап отыр. Алайда, білім беруде жаңа трендтер пайда болуда, сондықтан жаңа дағдыларды игеру уақыты келгенде, орталықтан бағдарламалау және робототехника курстарын ашуды шештім, деді орталықтың негізін қалаушы Фариза Санжанова.

jghyt65034

Робототехника орталығы Атырау қаласында 2016 жылы ашылған болатын. Кешенді бағдарлама әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге және қоғамдағы оң өзгерістерге ықпал ететін идеяларды қолдауға бағытталған. Сол уақыттан бері бағдарлама шеңберінде 51 жоба ашылған. Олардың авторлары тек қаржылық қолдауды ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінің үздік әлеуметтік ұйымдарында тәжірибе алмасу үшін консультациялар, тағылымдамалар ала алды.

575657565

Ф.Санжанованың айтуынша, «Робототехника арқылы болашаққа бағдар» жобасының курстарына ай сайын 40 бала қатыса алады. Орталықтың әлеуметтік бағытын ескере отырып, көпбалалы отбасылар оқуға 20% жеңілдік ала алады. Ал ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін 50% жеңілдік қарастырылған. Бұл ретте қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардан шыққан балалар курстарға тегін қатысуға мүмкіндік бар.⠀

roijkjkj8

Айта кетейік, «Жарқыра» бағдарламасы өңірде «Теңізшевройл» компаниясының қаржылай қолдауының арқасында жүзеге асырылуда.

Атырау облысының  өңірлік коммуникациялар қызметі

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521