Қазақ халқының құндылығы саналатын сан ғасырлармен сұрыпталған мол дәстүріміз "тал бесіктен жер бесікке дейінгі" аралықты түгел қамтыған. Шыр етіп дүние есігін ашқаннан шілдеханадан бастау алатын дәстүрлеріміздің тізбегін асыл дінімізбен астасып жатқанын көреміз.
"Қызына қырық үйден тыйым салатын" қазақ халқы, ұлының бойына ұясынан тәрбие сіңіріп, үлкенді құрметтеп, кішілеріне ізеттілік танытуды дарытқан. Әр туысын әріден танып, әр қайсысына өзгеше атау мен алатын орын беретін біздің ұлт тіпті, төрт түлігінен бөлек, жабайы аң-құсына дейін айрықша көзқараспен қараған. Осыншама тәрбие мен тағылымға толы топтаманы жазылмаған дала заңымен өмір сүрген көшпенді халық қалай қалыптастырған? Бұл ретте біздің даламызға сонау VII ғасырдың басында ене бастаған Ислам дінінің ықпалы ерекше. Бұл туралы аудандық орталық мешіттің бас имамы Біләл Сағындықов былай дейді: "Ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының қайнар көзі болған Ислам діні – адамзат тарихы мен өркениетіне айрықша үлес қосқан ең ұлық дін. Оның туы желбіреген жерлерде әрдайым білім мен ғылым дамып, адамзат адамгершілік пен парасаттың шыңына көтерілген. Бұның көрінісі бүгінге дейін ұлы дала төсінде де әлі күнге дейін, жаңғырып, дамып жатыр. Әсіресе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-нің сүннеті мен хадистері әдет-ғұрып ретінде қалыптасып, халқымыздың мәдениеті төрінен орын алды. Ал, шариғатта халыққа үйреншікті болған жақсы дағдылар мен әдет-ғұрыптарды дәлел ретінде келтіруді барлық мәзһабтардың имамдары қолдайды. Алла Тағала Ағраф сүресінің 199-аятында «Ғафу жолын ұста, ғұрыппен әмір ет және надандардан теріс айнал», – деп бұйырған. Алланың елшісіне пайғамбарлық түскен кезде де арабтардың арасында алуан түрлі әдет-ғұрыптар, дағдылар бар болатын. Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) олардың Құдай Тағаланың әмір-тыйымына керағар келмейтінін қабылдап, қарсы келетініне тыйым салды."
Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыз !
А.САДЫКОВ