Депутаттар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге келді

(0 Votes)

 Атырау облысында төтенше жағдай жарияланғалы бері депутаттар қазір су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде болып, елдімекен тұрғындарымен кездесуде.

 Күні кеше ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов облыстың су тасқынына дайындық жұмыстарын көріп, қауіпті аймақ саналатын елдімекендерді аралап шықты. Қазіргі уақытта су тасыған кезде ең қауіпті аймақ саналатын Соколок өзенінің жағаларын биіктету, арнасын тазарту және тереңдету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жайықтан суды Соколок өзені арқылы Каспий теңізіне бағыттау үшін бөгеттердің биіктігі ұлғайтылуда. ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов бұл жағдайдан сабақ алу керекпіз дейді.

Ал, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әділ Жұбанов болса атыраулықтарды бірлесіп жұмыс жасауға, төтенше жағдай кезінде белсенді болуға шақырады.

“Қазіргідей жағдай күні ертең өтеді де кетеді. Бірақ, тарихта бұл жағдай қалатыны ақиқат. Сонда, ұрпағымызға осындай қысылтаяң шақта қалай бірлікте жұмыс жасағанымызды айтамыз”,- деп тұрғындарды тасқынға қарсы күш біріктіруге үндеді.

Облысымыздағы жағдай қалыпты деңгейге жеткенше алдағы уақытта да халық қалаулылары жиі келіп, тұрғындар арасында болып, мәселенің оңынан шешілуіне атсалыспақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT