18 желтоқсан күні облыс прокурорының орынбасары Ғ.Н. Тілеубаевтың төрағалығымен Атырау облысы полиция департаментінің жеке құрамына «Азаптауды болдырмау ортақ міндет» тақырыбында жиын өтті.
Жиын барысында тәртіп пен заңдылықты сақтау, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, азаптауларға және өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері талқыланды.
Атырау облысы прокуратурасы мен полиция қызметкерлері арасындағы бірлескен іс-шарада, азаптауға қарсы күрестің маңыздылығы және заң талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі атап өтілді.
Сонымен қатар, азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында құқық қорғау органдарының ішкі бақылауын күшейту, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру жөнінде ұсыныстар жасалды. Жиында құқық қорғау саласында жүргізіліп жатқан реформалар мен азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа шаралар туралы да сөз қозғалды.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаптауларға жол бермеу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.