Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев әлемдік аренада ел намысын қорғап, жоғары нәтиже көрсеткен спортшыны марапаттады.
Дзюдо саласындағы халықаралық жарыстарда үздік нәтижелерге қол жеткізген Абиба Абужакинова мен жаттықтырушы Миржан Есмағамбетов Қазақстан Республикасының беделін арттыруға және Динамо қозғалысының дамуына қосқан ерекше үлестері үшін «Қалтқысыз қызметі» үшін төсбелгісімен және департамент бастығының алғыс хатымен марапатталды.
Спортшының жетістіктері еліміз үшін үлкен мақтаныш туғызуда. Жуырда, Австрияда өткен дзюдо Гран-при жарысында Абиба финалда жапондық Самю Эшиноны жеңіп, алтын медаль қанжығалады.