Демеушілер 101 жастағы ардагердің баспанасын жөндеп берді

(0 Votes)

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Осакаров ауданының тұрғыны Анна Котованың үйі күрделі жөндеуден өтті, деп жазады Egemen.kz.

Үйдің шатыры ретке келтіріліп, терезелер мен есіктер ауыстырылды, үй сырты сайдинг материалымен қапталды, ауласына тас төселді. Ардагер үйінің сыртқы келбетіне ғана емес, сонымен қатар жаңартылған интерьер, түсқағаз, еден жабыны және заманауи сантехникаға да қуанышты. Ардагердің баспанасы демеушілердің қаражатына жөнделді.

Анна Котова Воронеж облысында дүниеге келген. Соғыс басталғанда ол сыныптастарына қарап, майданға өз еркімен аттануға өтініш жасай бастады, бірақ әскери комиссар бірнеше рет қатарынан жас қызды әскерге шақырудан бас тартқан. Бірақ Аннаның табандылығы мен өжеттілігі басым түсті. 1943 жылы оны 2-ші Украина майданының 065-ші эвакуациялық госпиталіне медбике етіп жіберді. Бұл жерде ол жауынгерлік іс-қимылдар аяқталғаннан кейін де жараланғандардың өмірін құтқаруға көмектесті. Бойжеткен 1946 жылдың маусым айында, бір бөлігі Венгрияда орналасқан кезде ғана әскерден шығарылды. 1943 жылдың 13 мамырынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін 2-ші Украина майданының құрамында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан. Анна Никаноровна Курск шайқасы ерекше есте қалғанын айтады.

Анна Котова II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін», «Украинаны фашистік басқыншылардан азат етуге 60 жыл» медальдарымен, «Санитарлық қызметтің үздігі» әскери белгісімен және басқа да мерейтойлық ордендер және медальдармен марапатталған.
Демобилизациядан кейін және демалысқа шыққанға дейін Анна Котова Осакаров ауданының денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істеді.

Қарағанды облысы

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT