Әр адам болашағына бағыт беретін маңызды шешім қабылдайды. Мен үшін сондай шешім – дәнекерлеуші мамандығын таңдау болды. Бұл мамандықты таңдауыма бірнеше себеп әсер етті. Ең бастысы – мен нақты еңбекпен айналысқанды, көзбен көріп, қолмен ұстай алатын нәтижені жақсы көремін. Дәнекерлеуші мамандығы дәл сондай – сенің еңбегің, көз алдында темірді біріктіреді, құрылысқа, техникаға жан бітіреді.
Балалық шағымнан техникаға қызығушылығым зор болды. Әкем ескі заттар- ды жөндеп, темірден түрлі бұйымдар жасағанда, әрдайым жанында жүріп, қарап, үйреніп өстім. Уақыт өте келе, мен де сол іспен шұғылдана бастадым. Осылайша, дәнекерлеу жұмыстары мен үшін қызықты әрі маңызды іске айналды. Бұл тек жұмыс қана емес, өнер секілді – металдарды дәлдікпен біріктіру, шеберлікпен жұмыс жасау үлкен тәжірибе мен төзімділікті қажет етеді.
Сондай-ақ дәнекерлеуші мамандығы еңбек нарығында сұранысқа ие. Қай салада болмасын – құрылыс, машина жасау, өндіріс, тіпті кеме не- месе әуе техникасы болсын – дәнекерлеу қызметінсіз жұмыс жүрмейді. Яғни, бұл мамандық менің болашақта тұрақты жұмыс табуыма, отбасымды қамтамасыз етуіме мүмкіндік береді. Қолымнан іс келсе, елімнің дамуына да өз үлесімді қосамын. Бүгінгі күні осы мақсатта ауданымыздағы іргелі оқу орны Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде оқып, мамандықтың қыр-сырын меңгеріп келемін.
Бұл — аса жауапкершілікті, шеберлікті және төзімділікті талап ететін маңызды кәсіп. Дәнекерлеу — металдарды жоғары температура арқылы біріктіру үдерісі. Бұл мамандықты игеру барысында мен тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік дағдыларды да меңгеріп келемін. Алдымен дәнекерлеу процесінің негізгі түрлерімен таныстым: доғалық дәнекерлеу (электродпен), газбен дәнекерлеу, жартылай ав- томатты және автоматты дәнекерлеу әдістері. Әрбір әдістің өзіндік ерекшелігі, қолданылатын жабдықтары мен қауіпсіздік талаптары бар екенін білдім.
Сонымен қатар металдардың түрлері мен олардың қасиеттерін үйреніп жатырмын. Мысалы, болат, шойын, алюминий сияқты ме- талдар әртүрлі температурада ериді және әртүрлі тәсілмен дәнекерленеді. Практикалық сабақтарда дәнекерлеу аппараттарын дұрыс қолдану, электродты дұрыс таңдау, тігістің сапасын бақылау сияқты дағдыларды меңгеріп жатырмын. Жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтау – ең басты талаптардың бірі екенін түсіндім. Қауіпсіздік көзілдірігін кию, қорғаныш киімін пайдалану, жұмыс орнын таза ұстау – мұның бәрі маманның кәсіби деңгейін көрсетеді. Сонымен қатар дәнекерлеуші мамандығы – тек қолмен жұмыс істейтін кәсіп қана емес.
Бұл – ойлау, жоспарлау және жауапкершілікпен шешім қабылдауды қажет ететін мамандық. Мысалы, сызбалар- ды оқи білу, қажетті матери- алдар мен құралдарды алдын ала дайындау, жұмыс барысын тиімді ұйымдастыру – бұлар да дәнекерлеуші жұмысының бір бөлігі. Қазір барлық мек- тептерде «Жұмысшы мамандықтар көрмесін» өткізіп жүрміз. Сол жерде жоғары сынып оқушылары жұмысшы мамандыққа деген қызығушылық танытып, сұрап жатады. Меніңше, осы саланың маңыздылығын көрсетсек, жа- стар жұмысшы маман болуға ұмтылатын секілді.
Есенбек АРМАН,
дәнекерлеу ісі мамандығы бойынша
2 курс студенті